421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оттавада Қазақстан Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

  • 193
  • UPD: 11:58, 17.12.2020
Оттавада Қазақстан Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті

Канада астанасы Оттава қаласында Қазақстан Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2016 жылдан бері дәстүрге айналған шара қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесінде ұйымдастырылады. «Осылайша, көк Туымызға деген құрмет көрсетіледі», - дейді ұйымдастырушылар.

Ақылбек Камалдинов, Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Соңғы отыз жылда Қазақстан өзінің шекарасын шегендеп, бағанасын бекітті. Осылайша, тәуелсіздігін орнатып, халықаралық деңгейде де жаңа бастамалармен көзге түсті. Қазіргі кезде Қазақстан мен Канада елдерінің арасындағы жемісті динамика ерекше байқалып отыр. Бұл ең алдымен қос елдің діттегені бір жерден шығып, ойымыздың ұштасып жатқандығын білдірсе керек.

Лаура Дудас, Оттава қаласы мэрінің орынбасары:

- Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін атап өту мен үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі мерекемен Қазақстан тұрғындарын ғана емес, сондай ақ шет елде жүрген қазақтарды да құттықтағым келеді. Барлықтарыңызға бірлік, бақыт және жарқын болашақ тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы