423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда фельдшерлер, мұғалімдер мен медбикелерге пәтер берілді

  • 126
  • UPD: 12:04, 17.12.2020
Нұр-Сұлтанда фельдшерлер, мұғалімдер мен медбикелерге пәтер берілді

150 отбасы Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге жүзеге асырылып жатқан пәтерлерден баспаналы болды.

Аталған бағдарлама бойынша 1000-ға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. Оның 500-ден астамы берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бұл күн еліміздің 150-ден астам отбасына Тәуелсіздік күнімен қатар өз пәтерлеріне қоныстану күні ретінде де есте қалмақ. Мереке күні қала тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Олардың ішінде фельдшерлер, медбикелер, мұғалімдер, дәрігерлер және т.б. бар.

Аталған пәтерлер кезекте тұрғандар арасында Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге жүзеге асырылды. Жаңа тұрғын үй елордамыздың Алматы ауданында, жаңа вокзалдың жанында орналасқан. Жанында медициналық орталықтар, мектептер, балабақшалар бар. Бұл – автономды қазандық табиғи газға қосылған алғашқы үй.

Бұған дейін ҚИК-пен бірлесе әлеуметтік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейттік. Тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, төтенше жағдай департаментінің, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Аталған бағдарлама бойынша 1 мыңға жуық пәтер беру жоспарланып отыр. Оның 500-ден астамы берілді. Құжаттама бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлер сатып алу құқығымен беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан кезекте тұрғандарға арналған пәтерлердің тағы бір партиясын беруді жоспарлап отырмыз! Қолжетімді тұрғын үй құрылысына үй құрылысы комбинаттары да көмектеседі. Жақында қалада осындай екінші комбинат ашылды. Олардың артықшылығы: үйлерді салу мерзімі қысқарады және шаршы метрдің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 29 жыл ішінде толағай табыстарға қол жеткізілді. Алайда алар асуымыз алда! Баршаңызға денсаулық, табыс және амандық тілеймін!» – деп жазды Алтай Көлгінов.

 

Хабар 24 телеарнасы