418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«30 игі іс» акциясы аясында азық-түлік таратылды

  • 205
  • UPD: 17:39, 17.12.2020
«30 игі іс» акциясы аясында азық-түлік таратылды

Елордада  «30 игі іс» акциясы аясында мұқтаж жандарға 500-ден астам азық-түлік себеті таратылды.

Кәсіпкерлер, еріктілер мен түрлі ұйым өкілдері соғыс және тыл ардагерлерін де аралап шықты. Сондай-ақ белсенді азаматтар зейнеткерлердің ауласындағы  қарын күреп, үйлерін жинастырды. Еске салайық, «30 игі іс» әлеуметтік-қайырымдылық шаралары Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық  қозғалысы РҚБ қалалық филиалының төрағасы:

– Осы пандемияда алдыңғы қатарларда қызмет еткен әскери медицина қызметкерлеріне 30 қызметкерге 30 азық-түлік себетін таратып отырмыз. Бұл акция міндетті түрде өз жалғасын табады. Елордадағы жастар ұйымдары қолдап жатыр. Мемлекет тарапынан да бұл акцияға қолдау көрсетіліп жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы