421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ-қырғыз шекарасынан өткен төрт адамнан КВИ анықталды

  • 118
  • UPD: 23:16, 17.12.2020
Қазақ-қырғыз шекарасынан өткен төрт адамнан КВИ анықталды

Шетелден келетін жолаушылар коронавирус инфекциясын жұқтырып әкеліп, халыққа таратпас үшін мемлекеттік шекарада өткізу бекеттері жұмыс істейді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz

Мәселен, Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада 4 пункт бар, олар Ауқатты, Қарасу, Сыпатай батыр және Айша бибі.

10-16 желтоқсан аралығында мемлекеттік шекараны 1 118 жаяу жүргінші мен 4 188 автомобиль кесіп өтті. Оның ішінде 725 ҚР азаматы коронавирусқа ПТР тест тапсырды. Арасындағы 4 адамның ауру жұқтырғаны анықталды.

Науқастар амбулаториялық емделуге оқшауланды және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. 100 адам карантинге жіберілді. ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманың болмауына байланысты 103 адам ҚР аумағына кіргізілмеді. Әр өткізу пунктінде санитарлық қызметтің екі маманы тәуліктік кезекшілік етеді. Олар термометрия жасап, Қазақстан және шетел азаматтарына сауалнама жүргізеді. Бұл ретте анықтама тек аккредиттелген зертханалардан ғана қабылданады. Анықтаманың түпнұсқасы QR-кодты сканерлеу арқылы тексеріледі. Барлық мамандар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Хабар 24 телеарнасы