420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да сапалы жолдың үлесі 34 процентке жетті

  • 109
  • UPD: 08:19, 18.12.2020
БҚО-да сапалы жолдың үлесі 34 процентке жетті

Батыс Қазақстан облысында 300 шақырымға жуық жол жөндеуден өтті.

Сапалы жолдың үлесі 34 процентке жетті. Тасқала – Аққурай – Болашақ - Ресей шекарасы бағытындағы жолды жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды. Ал облыстың оңтүстік-батыс аудандарын байланыстыратын күре жолдың құрылысы әлі жалғасып жатыр. Жоба Тұңғыш Президенттің тікелей тапсырмасымен қолға алынған еді. Оның ұзындығы – 245 шақырым. Биыл соның 14 шақырымы ғана жөнделді. Келер жылға 20 млрд теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар өңірдің транзиттің әлеуетіне септігін тигізетін Барбастау – Ақжайық - Индер бағытындағы жолдың құрылысы басталмақ. .

Бауыржан Айтмағамбетов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

– Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына барлығы 1,3 млрд теңге бүгінгі күні қарастырылып отыр. Барбастау – Ақжайық - Индер бағытында 50 км жолға реконструкция жүргізуді келесі жылы жоспарлап отырмыз. Бөрлі – Ақсай - Жымпиты автомобиль жолының 10 км (139-149 км) аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Екінші учаскесі бойынша бүгінгі күні жұмыстар жартылай жасалып, келесі жылы толығымен аяқталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы