421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда энергия үнемдеу жобасы қарқын алды

  • 109
  • UPD: 09:21, 18.12.2020

 

Мәселен, биыл қалада 16 көшедегі жарық шамдары соңғы үлгідегі диодты шамдарға ауыстырылды.

Мамандардың айтуынша, бұл құрылығылардың қызмет ету мерзімі де ұзақ.

Бұл – жаңадан бой көтеріп келе жатқан, қала шетінде орналасқан Береке ықшам ауданы. 10 мыңнан астам халқы бар. Көп жылдар бойына мұндағы тұрғындарды көше жарығы мәселесі алаңдатқан еді. Сұрақ биыл шешіле бастады.  

Шаһарда жарықдиодтты шамдарды орнату жұмыстары осыдан үш жыл бұрын басталды. Осының арқасында қапаста тұрған қала қазір жарқырап шыға келді. Жаңа құрылғы тәулік мезгіліне қарай автоматты түрде реттеліп отырады. Биыл 16 көшеде 2846 осындай шам орнатылды. Ол үшін ел қазынанан қомақты қаржы бөлінді.

Әсем Айтолла, қалалық ТКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Жаңа шамдардың артықшылығы, біз түнгі уақытта оны барлық қуаттылығына қосатын болсақ, ал таң ата оны кішкене бәсеңдетуге болады. Осылайша біз бюджеттік қаржыны үнемдейміз. Мәселен, соңғы үші жылда біз 11 миллион теңге үнемдедік.

Бұл қондырғы электр қуатын аз тұтынады. Жұмыстар «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. Айта кету қажет, қазір қалада 18 000-нан астам шам бар. Ал олар кезең-кезеңмен жаңасына ауыстырлатын болады.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы