419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР сынамасыз ұшып келген қазақстандықтардан коронавирус анықталды

  • 113
  • UPD: 14:06, 18.12.2020
ПТР сынамасыз ұшып келген қазақстандықтардан коронавирус анықталды

Жуырда Минск – Нұр-Сұлтан әуе рейсімен ұшып келген 4 қазақстандықтан коронавирустық инфекция анықталды.

Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандары хабарлап отыр. Аталған рейс бойынша анықтамасыз келген 311 қазақстандық қонған бетте ПТР талдау әдісімен  тестіленген. Қазір індет анықталған жолаушылар толық оқшауланды. Комитеттің хабарлауынша, тек бір күнде ел төңірегіне 18 халықаралық әуе рейсі тоқтап, онымен 2 мыңнан астам жолаушы келген.

Хабар 24 телеарнасы