418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі қазақстандықтар уақытша тіркеуден босатылды

  • 131
  • UPD: 19:52, 18.12.2020
Ресейдегі қазақстандықтар уақытша тіркеуден босатылды

Ресейдегі қазақстандықтар келесі жылдың наурызына дейін уақытша тіркеуге тұрудан босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Владимир Путин тиісті жарлыққа қол қойды. Көктемде коронавирусқа байланысты көші-қон ережелері өзгертілген еді. Оның мерзімі 15 желтоқсанда аяқталды. Енді жаңа ережелер бойынша Ресейде жүрген шетелдіктерге уақытша тіркеу туралы құжаттарын 6 айға дейін, яғни, 15 маусымға дейін ұзартпай-ақ жүре тұруға рұқсат. Бірақ бұл коронавирус кесірінен арадағы тұрақты әуе қатынасы әлі ашылмаған мемлекеттердің азаматтарына ғана қатысты. Ал, Қазақстан мен көрші ел арасындағы рейстер биыл қыркүйекте қайта жанданған. Сондықтан отандастарымыз тек 90 күнге, яғни 15 наурызға дейін уақытша тіркеуден босатылды.

Хабар 24 телеарнасы