419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да 3000 бас асылтұқымды мал сатып алынды

  • 127
  • UPD: 22:19, 18.12.2020

Биыл солтүстікқазақстандық шаруалар шет елдерден үш мың бас асылтұқымды мал сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл бірінші кезекте ет және сүт өндірісіне тың серпін беріп, ауылдағы ағайынды қысы-жазы жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өңірде ірі қараны асылдандыру бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Тимирязев ауданындағы мына бір шаруашылықта абердин-ангус тұқымының 1200 ірі қарасы бар. Осы малды жерсіндіріп, көбейту мақсатында еңбек етіп жүрген жанның бірі – Айтас Балтабаев. Ол елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін бітіріп, туған еліне жас маман ретінде оралған.

Айтас Балтабаев, мал шаруашылығы бригадирінің м. а.:

- Неге осы мамандықты таңдадың десеңіздер, көңілім ауылға ауды. Әрі мал шаруашылығына деген қызығушылық болды. Өзім осы ауданда туып өстім. Бәрі таныс.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 82 мың асыл тұқымды ірі қара бар. Оның тең жартысы сүтті. Биыл бұл бағытта заманауи 10 тауарлы-сүт фермасы іске қосылады. Етті сиыр саны да көбейіп келеді.

Талғат Наурызбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыс бойынша тағы да екі бордақылау алаңын салайын деп отырмыз. 13 мың басқа. Және де мынау біздің Тайынша ауданында шошқа кешені дейміз, модернизация жүргізіп жатырмыз. Шошқаның басын 50 мыңнан 100 мың басқа жеткізейін деп отырмыз.

Өңірде малды асылдандыру бағдарламасы өз бабында. Ірі қара өсіру ауыл жұртшылығы үшін ең алдымен жұмыстың, табыстың көзі.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы