420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Энерго» жылдық жоспарды 100%-ке орындады

  • 117
  • UPD: 23:31, 18.12.2020

Алда кәсіби мереке энергетиктер күні аталып өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздегі ең ірі компанияның бірі – «Самұрық-Энерго» қауіпті індет келтірген қиындыққа қарамастан жылды жақсы қорытындылайды. Пандемия жағдайында да жылдық жоспары артығымен орындалды. Fitch Ratings халықаралық агенттігі компания жұмысын жоғары деңгейде бағалады.

Гүлзия Нақыпқызы, тілші:

- Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 30%-і «Самұрық-Энерго» компаниясының үлесінде. Энергетика нарығында 13 жыл қызмет ететін мекеме биыл жоспарды толықтай орындаған. 18 мың жұмыскері бар «Самұрық-Энерго» қиын әрі сындарлы сәттен сүрінбей өтті. Алға қойған жоспар да көп.

Серік Тютебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ «Өндіріс және активтерді басқару» басқарушы директоры:

- Біздің 2021 жылға жоспарымыз – Алматының ТЭЦ-2-сін газға көшіреміз деп жоба жасап жатырмыз. Екіншіден, Президент қойған тапсырма бойынша Алматы ТЭЦ-3-ті экологияға зиянсыз етіп жасауды ойлаудамыз. Алматы ТЭЦ-3-ті мүмкін газға көшіреміз.

«Самұрұқ-Энерго» екі жел энергиясы станциясын салуды қолға алды. Және олар экологияға зиянды болмауын әсте естен шығармайды. Елдегі көмірдің 40%-ін аталмыш компания өндіреді.

Серік Тютебаев, «Самұрық-Энерго» АҚ «Өндіріс және активтерді басқару» басқарушы директоры:

- Біз осы жылы пандемияға қарамастан Шардара гидроэлектр станциясын жұмысқа қостық. Шардара гидроэлектр станциясы ең ескі еді, 50 жыл жұмыс істеген. Біз оның өмірін тағы 50 жылға создық. 100 мегабаттан 126 мегабатт болды.

Сондай-ақ компания Алматыдағы 8-ші қазандықты толықтай іске қосқан. Алдағы жылы кешкі уақытта таратылатын энергия көлемін тағы ұлғайту жоспарланып отыр.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ерзат Зайытхан

 

Хабар 24 телеарнасы