418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дубайдан келген үш қазақстандықтан вирус анықталды

  • 142
  • UPD: 11:55, 19.12.2020
Дубайдан келген үш қазақстандықтан вирус анықталды

2020 жылғы 17 желтоқсанда ПТР анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды.

2020 жылғы 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, Қытай, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 2561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2351 адам, анықтамасыз 210 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен – 1 513, анықтамасыз - 128; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

coronavirus2020.kz

Хабар 24 телеарнасы