418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы мейрамханаларда карантин талаптары сақталып жатқан жоқ

  • 157
  • UPD: 18:22, 19.12.2020

Елорданың ойын-сауық орындары мен мейрамханаларында карантиндік шектеу талаптары сақталмайды.

Мобильді топтар рейд өткізіп, жұмыс режимінің бұзылу фактілерін анықтаған. Яғни рұқсат етілмеген уақытта қызмет көрсеткен. Мұндай заң бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлерден түсініктеме алынып, әкімшілік хаттама толтырылды. Бұйрыққа бағынбаған кәсіпкерлердің ісі мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Соның ішінде 7 бірдей мейрамхана мен дәмхананың жұмысын 3 айға дейін тоқтату туралы өтінім бар.

Айта кетейік, мереке күндері патрульдік жасақтардың жұмысы күшейтілді.

Хабар 24 телеарнасы