Оған қыстың күні де велосипедтен түспейтін белсенді жұрт пен қайырымды азаматтар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, мүмкіндігі шектеулі жандарды бір сергіту дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ осы шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін веложолақта кездесетін қиындықтарға шаһар басшылығының назарын аудармақ. Бұл акция былтыр да ұйымдастырылған. Биылғы бір ерекшелігі – демеушілердің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы үш дөңгелекті велосипедтер әкелінген.
Нұрлан Бектібаев, «Велодобро» акциясына қатысушы:
– Ашық ауада, қыстағы ғажайып саябақта велосипедпен шығу адамдардың денсаулығын жақсартады. Пандемия кезінде шараларды өткізу адамдардың рухын көтеріп, оларға қуаныш сыйлайды деп ойлаймын. Үйге әсер алып қайтады.