421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Nur-Sultan Snowpark: сырғанау құралдарын жалға беретін орын да ашылды

  • 182
  • UPD: 09:15, 20.12.2020

Елордада Nur-Sultan Snowpark ресми түрде ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қысқы ойындар алаңында ауқымды жаттығулар мен дайындық жүргізілетін болады. Мамандар келушілер саны көп болғанымен, санитарлық талаптар қатаң сақталады деп отыр. Мұндай орын бұрын-соңды ел көлемінде болмаған көрінеді.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Бүгін елорданың жастары ғана емес, үлкендері де саябаққа жиналған. Бас қалада шаңғыға құмартқан жастардың ерекше көп боларын ұйымдастырушыларда аңғармаса керек, тіпті кезекпен кіргізуге тура келді. «Жоғарыдан төмен жүйіткегендердің қай-қайсы болмасын спорттың бұл түрі жанға ләззат, денге қуат береді», дейді.

Нұрсұлтан Таупық, қала тұрғыны:

- Үйренуге болады. Бұрын теуіп көрген едім. Тауда қиын негізі, мында оңай. Пайдалы ғой. Денсаулыққа да жақсы, белсенді демалыс болады.

Енді елорданың жастары да олимпиадалық ойынның осы түрімен айналыса алады. Бас қаланың ауа райын ескерсек, қала тұрғындары кемі наурыз айына дейін осында еш алаңсыз келіп шаңғымен жүйіткуіне болады.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Негізі таулы аймақпен салыстырғанда мынандай қолдан жасалған сырғанақ алаңында джиббингті дамыту жақсы мүмкіндік. Себебі қолдан жасалған кедергілерден сырғанау – ол да соңғы уақытта ерекше танымалдыққа ие болып келе жатқан спорттың түрі.

Александр Кучура, кәсіби спортшы:

- Таулы қалаларда қашықтыққа секіру, ұзындыққа шаңғы тебу сынды бағыттар жақсы дамиды. Ал, мұнда джиббингті дамытуға зор мүмкіндік бар.Ол фристайл, яғни қысқа қашықтықта маневрлер жасау. Арнайы мынадай фигуралардан секіру. Бұл да зор шеберлікті қажет етеді.

Осында сноубордтан өзге шаңғы, шана, конькимен сырғанайтын алаңдар да бар. Сырғанау құралдарын жалға беретін орын да ашық. Бұл орын бірінші кезекте қала жастарының сұрауы бойынша ашылған.

Ерлан Жаулыбаев, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары:

- Қала әкімінен жергілікті халықтан өте көп ұсыныс түсті. Сол бойынша осыны бастап көріп едік, 2-3 күн болды, бітпей жатып адамдар өте көп жиналды.

Бұдан өзге ертегі еліне де саяхат жасауға болады. Аяз Ата үйі ашылған. Онда кез келген адам сыйлық қалдыра алады. Кейін оның барлығы әлеуметтің аз қамтылған отбасыларға үлестірілетін болады.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Диас Қобыланбаев

Хабар 24 телеарнасы