Әлемде коронавирусты бір күнде жұқтырудың жаңа рекорды орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша індетке шалдыққан адамдар саны 700 мыңнан асқан. Бұдан бөлек, соңғы 24 сағатта ковидтен 13 мыңнан астам кісі көз жұмған. Бүгінде қатерлі вирусқа қатысты қаралы тізімді АҚШ, Үндістан және Бразилия бастап тұр. Жалпы індет шыққалы одан 1 миллион 600 мыңнан астам адам қайтыс болып, 74 миллионнан көбі ауырған.