426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 93-орын алды

  • 291
  • UPD: 11:34, 20.12.2020
Терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 93-орын алды

Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлады energyprom.kz.

Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді.

Ең қауіпті елдер рейтингінің басында Ауғанстан, Ирак және Нигерия тұр.

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында экстремизм мен терроризмге байланысты 189 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,9% аз. 2019 жылғы қаңтар-қазанда 222 жағдай тіркелген.

Экстремизм мен терроризмге қатысты құқықбұзушылықтардың көпшілігі Түркістан облысында және Алматыда тіркелген (29 оқиғадан). Сондай-ақ тізімге Шымкент (19 құқықбұзушылық) және Нұр-Сұлтан (15 жағдай) енді.

Құқықбұзушылықтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында аз тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы