421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 қарсы вакцинаның құрамында 66,6 мл сұйықтық қосылған люциферин бар – фейк

  • 172
  • UPD: 12:15, 20.12.2020
COVID-19 қарсы вакцинаның құрамында 66,6 мл сұйықтық қосылған люциферин бар – фейк RT

Қазнетте Moderna компаниясы өндірген COVID-19 қарсы вакцинаның құрамында құпия компонент люциферин бар екендігі туралы ақпарат таратылуда.

Оны 66,6 мл сұйықтықпен араластыру керек. Кейбір пайдаланушылар, осылайша, препаратты әзірлеушілер «барлық жауапкершілікті адамдарға жүктейді» деп жазуда. «Адамдар саналы түрде таңдау жасайды, бірақ оларды бұған Қараңғылыққа қызмет ететіндер итермелейді». Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл фейк және деректермен манипуляциялау болып табылады.

Люциферин – энергия мен жарық шығарумен қатар жүретін реакцияларды катализдейтін тотығу ферменттерінің субстраты. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл биолюминесценция үшін жауапты компоненттер. Люцифериндер саңырауқұлақтар, жарқырауық, ұлу, қоңыз, кальмар, асшаян және басқа да балықтар мен жәндіктерде кездеседі. Оның Шайтан мен қараңғылық қызметшілеріне еш қатысы жоқ.

Люцифераза медицинада және гендік инженерияда қолданылады. Атап айтқанда, люциферин лиофилизацияланған БЦЖ вакцинасындағы жасушалардың өміршеңдігін анықтаудың биолюминесценттік әдісінде пайдаланылады.

Алайда қазір люциферин Moderna вакцинасының құрамында бар деп айтуға негіз жоқ. Ұйымның ресми сайтында бұл зат туралы ақпарат ұсынылмаған.

Ол туралы басқа ресми ашық дереккөздерде де айтылмаған.

66,6 мл ерітіндіде сұйылтылған люциферин туралы миф 2012 жылы тараған «Құрастырылған нуклеин қышқылдарын жеткізу және жасау» патенті туралы ақпаратқа негізделген. 2020 жылы әзірлене бастаған вакцинаға оның тікелей қатысы жоқ, бұл патентте препараттың құрамы туралы мәліметтер де берілмеген.

Демек, COVID-19 қарсы вакцинада люциферин бар және бұл Шайтанның ізбасарларының, Қараңғылық қызметшілерінің және басқа оккульттық топтардың жалған препарат әзірлеуге қатысы бар екенінің дәлелі болып табылатындығы туралы пікірлер – фейк.

Хабар 24 телеарнасы