423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында карантин талаптары күшейтіледі

  • 189
  • UPD: 11:32, 20.12.2020
Атырау облысында карантин талаптары күшейтіледі

Бүгін, яғни 21 желтоқсан сағат түнгі 00:00-ден кейін облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаулыда көрсетілгендей, театр, кинотеатр, музей жұмысы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ мекемелердегі қызметкерлердің 50-60%-і қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Сонымен қатар фитнес-орталықтар және сауна мен монша сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсете алмайды. Қоғамдық тамақтану орындары 30 адамнан артық қабылдамауы керек. Қоғамдық көліктер тоқтамайды, бірақ сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс. Мұнайлы өңірде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Соңғы тәулікте 74 адамның қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды. Оның 65-і Теңіз кенішінен анықталып отыр. Мамандар маскалық режимді қатаң сақтау керек екенін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы