427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды

  • 172
СҚО-да елік атқан браконьерлер ұсталды polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері заңсыз төрт елікті атқан күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті рейд барысында Мамлют ауданының ПБ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Меңгесер аңшылық шаруашылығы қорықшысымен Катанай с. маңындағы жерде Петропавлдың 37 жастағы тұрғыны басқарған Nissan Hilux автокөлігін тоқтатқан. Оның жолаушылары тағы бір қалалық пен екі аудан тұрғыны болған. Көлік салонынан қынапқа салынған тегіс ұңғылы қару, 42 патроны бар оқшантай, пышақ табылды. Жүксалғышта бастары кесілген, атылған төрт сібір елігі жатқан.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Қазіргі уақытта екі қарудың иесі 54 және 48 жастағы ауыл тұрғыны күдікті деп танылды, – дейді Мамлют ауданының ПБ бастығы Серік Әлжанов. – Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жануарлардың денесі, қару мен автокөлік тәркіленді, қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы