419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызметкерлерге еңбекақы төлеуде кемсітушілікке тыйым салынды

  • 137
  • UPD: 12:52, 20.12.2020
Қызметкерлерге еңбекақы төлеуде кемсітушілікке тыйым салынды

Елімізде қызметкерлерге қатысты еңбекақы төлеуде кемсітушілікке толық тыйым салынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек заңнамасына енгізілген өзгертулерді де мақұлдап қол қойды. Яғни бұдан былай жұмысшылардың айлығы бірдей болады деген сөз. Себебі осыған дейін шетелдік және отандық мамандарды бөліп жарып, әртүрлі еңбекақы төлеу мәселесі бірнеше рет көтерілген болатын. Енді бұл норма заң шеңберінде реттеледі.

Бұдан бөлек, ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда істейтін адамдар жыл сайын қосымша ақылы демалысқа шығу мүмкіндігіне ие болады

Хабар 24 телеарнасы