420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да синтетикалық есірткі сатқан адам жеті жылға сотталды

  • 126
  • UPD: 16:00, 20.12.2020
СҚО-да синтетикалық есірткі сатқан адам жеті жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында синтетикалық есірткі сатқан адам қамауға алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

СҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты «спайс» деген атпен белгілі синтетикалық есірткіні дайындап, өткізумен айналысқан 27 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ол көктемде полицияның назарына іліккен. Шілде айында мұқият жедел бақылауда ұстау нәтижесінде есірткі сатушы қылмыс үстінде ұсталды. Жеке тексеру кезінде одан үш грамм «спайс» табылды. Үйде тінту жүргізу барысында төрт грамнан астам концентрат пен 78 грамнан аса дайын есірткі алынды. Бұдан бөлек, грамдап өлшейтін таразы, зиплоктар (буып-түю материалдары), 800 мың теңгеден аса ақшалай қаражат, ақша аударымдары чектері алынды.

«Спайс» синтетикалық каннабиноид, әсері күшті есірткінің бір түрі болып табылады», – деп түсіндірді Петропавл қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов.

«Алынған концентрат 200-ге жуық доза дайындауға жеткілікті. Қылмыскер ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-б. 3-т. (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотталды. Аталған тармақ ірі мөлшердегі заңсыз есірткі айналымын көздейді. Полицейлер ұсталғанның 16 жасынан бастап есірткі қолданатындығын нақтылайды», - деді.

Хабар 24 телеарнасы