419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде ала алады

  • 121
  • UPD: 16:51, 20.12.2020
Қазақстандықтар жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын электронды түрде ала алады eGov

Өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкіндік тек Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындарында болған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп аталған мемлекеттік қызметті Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындары egov.kz электрондық үкімет порталынан ала алатындай етті. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ жылжымайтын мүлік техпаспортын онлайн алуға мүмкіндік береді.

Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдау қажет. Пәтерлердің, жатақхана бөлмелерінің, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелері онлайн сұрау салғаннан кейін тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеуі қажет.

Құжатты дайындау мерзімі жылжымайтын мүлік түріне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердің, жатақханалардағы бөлменің техпаспорты үш жұмыс күні, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күні өткен соң беріледі.

Пәтер, жатақхана бөлмесі, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсімделетін электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берілетін құжаттағыдай бірдей деректерді қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге тартылған қызметкерлердің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсілмен алған.

Хабар 24 телеарнасы