426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы тұрғынының миына МӘМС есебінен операция жасалды

  • 237
  • UPD: 21:00, 20.12.2020
Павлодар облысы тұрғынының миына МӘМС есебінен операция жасалды

Павлодар облысы тұрғынына медициналық әлеуметтік сақтандыру есебінен күрделі операция жасалды.

Ол емханаға келіп басының аурырғанына шағымданып, көмек сұраған. Тексерістен соң бас миындағы ісік анықталды. Сөйтіп, мамандар шұғыл хирургиялық көмек көрсетті. Нәтижесінде денсаулығы жақсарып, науқас қалыпты жағдайға оралды. Бүгінде пациент оңалтудан өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер азаматтың сақтандыру төлемі болмаған жағдайда,  операцияға 1 млн теңге төлеуіне тура келер еді.

Айта кетейік, өңірде жүйе іске қосығалы азаматтар жоғары технологиялы хирургиялық көмектерге қол жеткізді. Қымбат консультативтік-диагностикалық және оңалту шаралары да көптеп жүргізіле бастады.

Алма Мұқатова, медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы:

- Жоғары технологиялы қызметтерке келсек, былтыр облыс бойынша былтыр 500 млн теңгенің көмегін көрсетті. Ал биылғы жылы бұл көрсеткіш 1 млрд теңгеге жетті. Медициналық сақтандыру қорының көмегімен  күрделі медициналық қызметтердің көлемі артты. Бұл азаматтардың сақтандыру мәртебесі бар.

Хабар 24 телеарнасы