419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салынады

  • 182
  • UPD: 23:07, 20.12.2020

Шымкентте жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салынады. Осы орайда қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері бірлескен рейд өткізді. Олар қаладағы базарларды аралап, фейерверктер мен петардаларды жасырын сатқандарды анықтады. Ал тұрғындардың көпшілігі мерекеде пиротехника заттарын қолдану зиян екендігін айтады. 

Жаңа жыл қарсаңында біз осындай рейдті күнде жүргізетін боламыз... 

- Базар ішіндегі саудагерлерге пиротехниканың зиян екендігі жадынама арқылы да жіті түсіндірілді. Мамандар ондай заттарды тұтынушыларға сатпауды да ескертті. Кейбір кәсіпкерлердің оны жасырын түрде саудалауға көшкендігі белгілі болды. Олардың пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ, тіпті сақтау тәртібінде орындамаған. Енді бұл кәсіпкерлерге әкімшілік айыппұл салынады. Ал базар әкімшілігі бұл іске қатысы жоқтығын айтып ақталды.

- Бұл кісілерге рұқсат бермегенбіз.

Аманбек Бейсембаев, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Базарларда және сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, соның ішінде жаңа жыл қарсаңында мерекелеу алдында пиротехникалық заттарды заңсыз сатылуы пайдалануына жол бермеу мақсатында арнайы полиция қызметкерлері мен бірлескен рейдтік шара жүргізілуде. Бұл заттарды пайдалану кезінде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Оқыс оқиғалар болуы да мүмкін. Соның ішінде үй жайларда пайдалану тыйым салынса.

Соңғы екі жылда шаһарда жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттардың кесірінен жазатайым оқиғалар тіркелмеген.

Базар жағалаған халықтың көпшілігі де фейерверктерді сатып алуға құлықсыз. Қайта оның зиян екендігін айтуда.

БЛИЦ:

- Өз басым ондайға құмар емеспін. Лично расход сияқты ол. Бір жағы жас балдар бар, өрт қауіпсіздігі бар. Зиян негізі ол.

- Қауіпті екенін білеміз. Сол үшін оны немерелеріме ұстатпаймын да алып келіп те бермейміз.

- Сатып алмайсыз?

- Жо-жоқ.

- Балдардың көзі кетіп жатыр, беті қолы кетіп жатыр. Пайдасы жоқ оныі ешкімге. Сатып алудың қажеті жоқ оны.

Жыл басынан бері қала аумағында 192 өрт тіркелген. Оның ішінде 29 өрт кәсіпкерлік нысандарда болған. Сондықтан бизнес өкілдері өз тауарларын қызыл жалыннан сақтау мақсатында қауіпсіздік шараларына мән беруі тиіс. 

Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы