420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында үздік учаскелік инспектор анықталды

  • 110
  • UPD: 23:10, 20.12.2020

Ақмола облысында биылғы жылдың үздік учаскелік инспекторы Атбасар ауданына қарасты Шу ауылының полицейі Бағдат Өтеуов. 39 жастағы жігіт ағасы, ішкі істер саласында 2004 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын сержанттан бастаған тәртіп сақшысы, қазір полиция капитаны.

- Георгий Петрович, вы знаете сейчас эпидемия...

Бағдат Өтеуовтің бұл ауылда жұмыс істеп жүргеніне биыл 8 жыл болды. Осы уақыт ішінде елдімекендегі 800-ден астам адамды ол жатқа біледі. Тұрғындар да оны жақсы танып алған. Алайда бұл «көз қысты, бармақ бастыға» сеп емес.

Кристина Королева, Шу ауылының тұрғыны:

- Менің мұнда тұрып жатқаныма 4 жыл болды. Оның бір де бір рет кемшілігін байқамадым. Заң бұзғандар болса, бірден жазалайды. «Ауылдасым» немесе «танысым» деген түсінік жоқ. Түнде де тәртіпті қадаң қадағалайды. Мәселен, коменданттық сағат енгізілген кезде ол түні бойы көшеде жүретін.

Георгий Волков, шу ауылының тұрғыны:

- Тәртіпті қатты қадағалап отырады. Өз міндеттерін мінсіз орындайды. Тұрғындар хабарласса, жедел жетеді. Адам болған соң неше түрлі жағдай болады. Міне, сондай сәттерде үнемі жанымыздан табылады.

Ал полиция инспекторының тәртіпті қадағалап отыруына 93 бейнебақылау камерасы көмектеседі. Иә, елді мекенде осынша камера бар. Құрылғылар ауылдың кіреберісінен бастап, жылу қазандығының аумағына дейін орнатылған. Ал олардың 76-сын учаскелік полицей кез келген жерде жүріп, онлайн көре алады. Нәтижесінде ауылда бір де бір ауыр қылмыс тіркелмеген.

Бағдат Өтеуов, Шу ауылының учаскелік полиция инспекторы:

- Бұлар жаңадан қойылған камералар. Қай жер қажет, сол жерге бұрайсың да қарайсың. Кім, не істеп жатқанын көресің. Келесі жылы тағы да 20 камера орнатайын деп жатырмыз. Каждый бұрышқа, каждый көшеге.

Сағадат Қабдулин, Атбасар аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары:

- Жыл басынан бері учаскелік инспектор Бағдат Өтеуов 132 заңбұзушылықты анықтады. Олардың барлығы дерлік қоғамдық тәртіп пен жол ережесін бұзу мен отбасындағы кикілжің секілді кішігірім құқық бұзушылықтар. Яғни ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.

Қылмыстың алдын алумен көзге түскен инспектор, бірнеше рет сала басшылығы тарапынан марапатталған. Тіпті министрдің алғысын алып, жақында Президенттің қатысуымен өткен Ішкі істер министрлігінің республикалық форумына да қатысты. Үздік тәртіп сақшысы спорттан да кенде емес.

Бағдат Өтеуов, Шу ауылының учаскелік полиция инспекторы:

- Ауылдар арасында жарыстар өткенде ауылдың атынан барамыз соревнованияға. Ауылда тұрғаннан кейін, жұмыс істегеннен кейін ауылдың атағын көтерейік деп, ауылдың адамдарымен барып. Бірнеше жүлделі орындар алдық волейбол, баскетболдан.

Айта кетейік, Бағдат Өтеуов бұған дейін 8 жыл бойы аталған ауылға 35 шақырым жердегі аудан орталығынан қатынайтын. Енді жақында оған жергілікті кәсіпкерлердің бірі елдімекеннен су жаңа үй тарту етті. Бұйыртса, жуырда ол осы баспанаға отбасымен көшіп келмек. 

Авторлар: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы