425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да құтқарушылар жолда қалған балықшыларға көмектесті

  • 224
  • UPD: 22:37, 20.12.2020
ШҚО-да құтқарушылар жолда қалған балықшыларға көмектесті

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар көлігі бұзылып, жолда қалған үш балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлан ауданындағы Каменск су қоймасының маңында балықшылардың «ВАЗ 2104» маркалы автокөлігі сынып қалған.

«Олар бірден құтқарушыларды көмекке шақырды. Оқиға орнына келіп жеткен Ұлан аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері балықшыларды эвакуациялап, жақын маңдағы Жаңа Қанай елді мекеніне жеткізді. Содан кейін оларды туыстары басқа көлікпен Өскемен қаласына алып кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.

Хабар 24 телеарнасы