420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында коронавируске қарсы шаралар қолға алынды

  • 143
  • UPD: 23:16, 20.12.2020
Атырау облысында коронавируске қарсы шаралар қолға алынды

Атырау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, театр, кинотеатр, музей жұмысы уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ мекемелердегі қызметкерлердің 50-60 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Фитнес орталықтары және моншалар сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсете алмайды. Қоғамдық тамақтану орындары 30 адамнан артық қабылдамауы керек. Қоғамдық көліктер тоқтамайды, бірақ сақтық шаралары қатаң сақталуға тиіс. Мамандар бетперде режимін қатаң сақтау керек екенін ескертеді. Мұнайлы өңірде эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Соңғы тәулікте 74 адамның қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды. Оның 65-і Теңіз кенішінен анықталған.

Гүлнәз Ербатырова, облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары:

- Наурыз айынан бастап 12512 жағдай тіркелді. Оның ішінде бізде симптомдысы 3068 болса, қалғаны жағдайлар симптомсыз түрлері арасында тіркеліп отыр. Көбінесе бізде Жылыой ауданы, оның ішінде Теңіз кеніші бойынша тіркеліп отыр. Облыстық көрсеткіштің жалпы басым тіркелуі сол жердегі аурушаңдық деңгейіне байланысты, бүгінгі күні бізде зона бар, жасыл, сары, қызыл аймақ деп, қызыл аймаққа еніп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы