420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

  • 105
  • UPD: 10:50, 21.12.2020
Алматы көшелерінен 230 текше метр қар шығарылды

Алматыда 21 желтоқсан сағат 6:00-дегі жағдай бойынша қалаға 6 см-ге дейін, таулы аймақтарға 8-10 см қар түскен.

Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қардан тазаланды. Көктайғаққа қарсы 4100 тонна материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Жаяу жүргіншілер аймақтары мен таулы аудандарда қар тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Таңғы сағат 6:00-де 230 текше метр қар шығарылды.

21 желтоқсанға 596 техника бірлігі және 1610 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, бүгін ауа температурасы күндіз -6, кешке қарай -8 болады, қардың жаууы күннің бірінші жартысында тоқтайды.

Хабар 24 телеарнасы