420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

  • 102
  • UPD: 11:10, 21.12.2020
Шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

19 желтоқсанда шетелден ПТР-анықтамасыз келген үш қазақстандықтан COVID-19 анықталды.

20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь Республикасы, және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді.

2 824 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 461 адам, анықтамасыз 363 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 633 жолаушы, анықтамамен – 1 490, анықтамасыз – 143;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 142 жолаушы, анықтамамен – 922; анықтамасыз – 220;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келді;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 18 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

19 желтоқсанда анықтамасыз келген 237 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде 2 жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен, 1 жолаушы – Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Хабар 24 телеарнасы