423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

  • 171
  • UPD: 13:16, 21.12.2020

Қазір мұнайлы астана – еліміз бойынша қызыл аймақтағы жалғыз өңір. Ауру жұқтырғандардың көбі Теңіз кенішінен анықталып отыр.

Асланбек Шығыр, тілші:

– Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып барады. Осыған дейінгі берген ақпарат бойынша, бұл аурулардың дені Теңіз кенішінен анықталып отыр. Теңіз кенішінде ауру жұқтырғандардың көбі жұмысқа келу кезіндегі арнайы скринигтен өту барысында анықталған. Айта кетейік, олардың көпшілігінде COVID-19 инфекциясы симптомсыз түрде өтіп жатыр. Ондағы 315 орындық инфекциялық стационарда 320 науқас ем қабылдауда. Енді жауаптылар жаңа инфекциялық орынды жасақтау үстінде. Жалпы осыған дейін өңірде карантин режимінің күшейтілетіні туралы айтқан едік. Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап театр, кинотеатр, музей жұмысы уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ мекемелердегі қызметкерлердің 50-60 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Сонымен қатар фитнес орталықтар және сауна мен монша сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсете алмайды. Қоғамдық тамақтану орындары 30 адамнан артық қабылдамауы керек. Қоғамдық көліктер тоқтамайды, бірақ сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс. Мамандар маскалық режимді қатаң сақтау керек екенін ескертіп отыр. Бұған дейін айттық, облыста коронавирус инфекциясына қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталған. Мұның қанша уақытқа жететіні белгісіз. Десе де, өңірдегі жауаптылардың айтуынша, қауіпті індетке сақадай сай көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы