419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Қазақстанда екпе егу ақпанда басталады

  • 251
  • UPD: 14:05, 21.12.2020
COVID-19: Қазақстанда екпе егу ақпанда басталады

Ақпан айынан бастап ел азаматтарына екпе салына бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ ешкімді мәжбүрлемейді. Бұл жайлы Қарағандыда фармацевтикалық өндірістің ашылуында Үкімет басшысы Асқар Мамин айтты. Оның сөзінше, алдымен короновирусқа қарсы екпені дәрігерлер, мұғалімдер мен тәртіп сақшылары өз қалауымен салдыра алады. Сосын егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға да егіледі. Қазақстанда ресейлік вакцина «Спутник V» өндіріле бастады. Қарағандыдағы кешен екпенің 2 млн дозасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы