420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде ағаш кескендерге салынатын айыппұл көлемі 5 есе өсті

  • 118
  • UPD: 14:13, 21.12.2020
Елімізде ағаш кескендерге салынатын айыппұл көлемі 5 есе өсті Ult.kz

Ағаш кескені үшін салынатын әкімшілік айыппұл көлемі 5 есе өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе табиғи қорықтардағы жасыл желекке залал келтіргендерге жаза қатаңдады. Бұл шара Сенат қабылдаған Экологиялық кодексте көрсетілген. Жеке тұлғалар – 150, шағын кәсіпкерлер – 450, ірі кәсіпорындар 1500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Яғни 4 млн теңгеден астам айыппұл салынады. Ал егер мемлекетке келген шығын көлемі осы сомадан асып кетсе, қылмыстық жаза қаралған.

Хабар 24 телеарнасы