421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда емхана құрылысы созылып кетті

  • 125
  • UPD: 13:37, 21.12.2020
Петропавлда емхана құрылысы созылып кетті

Шаһардағы «Береке» ықшам ауданында жаңадан салынып жатқан денсаулық сақтау мекемесі желтоқсан айының оны күні халық игілігіне берілуі тиіс еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бүгінгі күні ғимараттың бірінші қабаты да бой көтермеген. Әкімдіктегілердің айтуы бойынша жергілікті қазынадан қаржының уақытылы бөлінбеуі жұмысты тежеп тұр. Жалпы бұл учаскедегі құрылыс биыл мамыр айында басталған болатын. Емхана тәулігіне 250 адамды қабылдай алады. Енді оның мерзімі 2021 жылға шегерілді.

Серік Мұхамедиев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Жоба 2018 жылы әзірленіп, мақұлданған. Жалпы құны – 2 миллирд теңге. Биыл оның тек 700 миллионы ғана бөлінді. Мердігер компания кестеден аздап кешігіп жатыр. Бірақ жыл соңына дейін жағдай дұрысталуы тиіс. Оның үстіне біз қазір сапаға баса назар аударып отырмыз. Сәтін салса, емхананы тамыз айында тапсыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы