423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда тұрмыстық қалдықтар қайта өңделетін болды

  • 99
  • UPD: 14:14, 21.12.2020
Қазақстанда тұрмыстық қалдықтар қайта өңделетін болды

Еліміздегі қоқыс полигондарында 120 млн тонна тұрмыстық қалдық шіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын тағы 4 млн тоннадан қосылады. Сала министрі Мағзұм Мырзағалиев күл-қоқыс проблемасын шешу үшін халықаралық стандарт енгізілетінін айтты. Яғни қайта өңдеу арқылы кәдеге жаратылады. Сондай-ақ тұрмыстық қалдық классификациясы еуропалық каталогқа сәйкестендіріледі. Анығырақ айтқанда, қауіпті немесе қауіпсіз қалдық деп бөлініп, тізбесі жасалады.

Хабар 24 телеарнасы