423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулықтар 25 жыл күткен әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі

  • 108
  • UPD: 14:14, 21.12.2020
Жетісулықтар 25 жыл күткен әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін Алматы облысының Сарқан ауданында он шақты әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қатарында жылыту қазандығы, ауыз су жүйелері, мектептер мен мәдениет үйлері бар. Мәселен, Қарабөгет ауылында мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тамыз айынан басталған жұмыстың бүгінде басым бөлігі аяқталған. Қазір құрылысшылар жиһаздар мен дыбыстық акустикалық қондырғыларды орната бастады.

Мәдениет ошағының ел игілігіне тапсырылуы 15 адам тұрақты жұмыспен қамтиды. Оқушылар үшін әртүрлі үйірмелер ашылмақ. Осыған дейін елді мекендегі мерекелік шаралардың барлығы мектепте ұйымдастырылса, енді жаңартылған ғимаратта өтпек. 

Байжан Қайыркенұлы, ауыл тұрғыны:

– Бұл ғимараттың құрылысын 25 жылдан артық күттік. Бұл жерде ауылдың адамдары жұмыс істеді. Би үйірмесі, эстрада ансамблі үйірмесі жұмыс істеді. Бұл жерде бильярд, үстел теннисі болды. Енді сол жұмыстар ары қарай жалғасады деп үміттенеміз.

Жомарт Мыңбаев, аудан әкімінің орынбасары:

– 2021 жылға Сарқан ауданы Көктерек ауылдық округінің мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ әзірленді. Қаражат бөлінген жағдайда, күрделі жөндеу жүргізіледі. Сарқан ауданындағы Пограничник ауылының және Алмалы ауылының мәдениет үйлерін күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірлеуге облыстық басқармаға сұраныс берілді.

Хабар 24 телеарнасы