421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте карантин талаптарын өрескел бұзғандар анықталды

  • 114
  • UPD: 14:58, 21.12.2020
Шымкентте карантин талаптарын өрескел бұзғандар анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзуға қатысты 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейд барысында қонақ үй жанындағы дәмхана мен терассаларда 50-ден астам адамға банкет жасағандар анықталды. Дені – жастар. Қаладағы мейрамханалардың басым бөлігі түнгі 11-ден кейін жұмыс істейтіні де анықталды. 

Мақсат Қалымбетов, қалалық ПД Әл-Фараби АПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:

- Аталған мейрамхана мен кафе әкімшілеріне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік шара қолдану үшін тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы