420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

  • 118
  • UPD: 15:02, 21.12.2020
БҚО-да мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысында 750 науқасы індет жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл соңғы 3 аптадағы жағдай. Осы мерзім ішінде 2400 адам сынама тапсырды. Алдағы мереке күндерінде Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін 10 мыңдай өңір тұрғыны үйлеріне оралады. Бұл да – жергілікті билікті алаңдатып отырған мәселенің бірі. Айта кету керек, қазір тек қаланың өзінде 20 мониторингтік топ өз қызметін жалғастырып отыр.    

Абат Шыныбеков, қала әкімі:

– Мониторингтік топтардың жұмысын одан әрі күшейтеміз. Себебі қазіргі таңда жаңажылдық кештер өткізу орын алуы мүмкін. Осыған байланысты әлеуметтік желіде тиісті материалдарды күн сайын беріп отырмыз. Ол әкімдік тарапынан да, біздің құрылымдық бөлімшелер тарапынан да және БАҚ арқылы да. Бүгінгі НВК-ның шешіміне сәйкес, жұмысты бұдан әрі күшейтетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы