429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отшашуды заңсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • 254
  • UPD: 15:04, 21.12.2020
Отшашуды заңсыз сатқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Полиция қызметкерлері бес күнде пиротехниканы заңсыз сатқан 13 азаматты анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша барлығы мыңнан астам рейд жүргізілген. Тәртіп сақшылары базарларды, дүкендерді және басқа да сауда орындарын тексереді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізледі. Мұндай шаралар сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды саудалаудың жолын кесуге бағытталған. Осы орайда ішкі істер министрлігі пиротехниканы тасымалдауға және өткізуге рұқсат қағаздары бар орындарда ғана сауда жасауға кеңес береді.

Асылбек Ыдырысов, ҚР ӘПК-нің басқарма бастығының орынбасары:

– Биыл 18 желтоқсанда полиция қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу кезінде Екібастұз қаласында ҚР заңнамасымен еркін саудаға тыйым салынған пиротехникалық бұйымдарды сату туралы хабарландыру тапты. Отшашуларды заңсыз сатқаны үшін жергілікті тұрғын ұсталып, 196-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Хабар 24 телеарнасы