419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

  • 133
  • UPD: 16:27, 21.12.2020
Есірткі сатумен айналысқандар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері есірткі затын сақтап, оны сатты деген күдікпен үш тұрғынды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, сырттай таныстары есірткі затын заңсыз сататындығын көрсеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті.

Нәтижесінде күдікті ретінде үш азамат ұсталды. Олар Қазығұрт ауданының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің тұрғын үйлеріне тінту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде үш ер азаматтан есірткі затына ұқсас хош иісті өсімдік айғақты зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат 500 граммға жуық «марихуана» екені анықталды.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдіктілердің аталған есірткі затын не мақсатпен сақтағандарын анықтауда. Күдіктілердің бас шаралары қамауда.

Хабар 24 телеарнасы