423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде электробустар шығарыла бастайды

  • 146
  • UPD: 18:14, 21.12.2020
Елімізде электробустар шығарыла бастайды

Қарағанды облысында электробустар шығарыла бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Асқар Мамин Саран қаласындағы жаңа зауыттың ашылу рәсіміне қатысты. Кәсіпорынның қуаты жылына 1200 автобус пен электробус, және 500 бірлік арнайы техниканы шығаруға лайықталған. Жаңа жоба мыңнан астам жұмыс орнын ашып, өңір экономикасының дамуына серпін бермек. Үкімет басшысына Саран қаласындағы индустриялық аймақты дамыту жоспары мен  «Оңай» электронды билеттендіру жүйесі таныстырылды.

Арғұлан Майконов, автобус зауытының басшысы:

- Бүгінде еліміздің барлық аймағында автобус парктерін жаңалау жұмыстары жүріп жатыр. Осы жоспарды орындау үшін зауытымыз заманауи техника шығарып, септесе алады. Сонымен бірге электр автобустарын шығару жоспарда бар. Олар экологияға зиянсыз, ерекше техникалық күтімді қажет етпейтін көліктер болмақ.

Хабар 24 телеарнасы