421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіподақтар федерациясы: Сайлауда жұмысшыларға қысым көрсетілмеуі тиіс

  • 132
  • UPD: 18:25, 21.12.2020

Алдағы саяси науқанда ірі кәспорын басшылары тарапынан қоластындағыларға, белгілі бір партияны қолдап дауыс беру үшін қысым жасалмауы тиіс.

Бұл құқықбұзушылықтарды Кәсіподақтар федерациясы жіті назарға алмақ. Осы мақсатта қоғамдық бірлестік партия мүшелерімен жеке-жеке кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кәсіподақ федерациясының республикалық байқаушылары саяси партия өкілдерімен, Парламент Мәжілісі мен мәслихат депуттары сайлауы алдында қарапайым қызметкерлер мен жұмысшылардың құқығы бәрінен жоғары екенін ескертті.

«Қызметкерлер әртарап пікір ұстанып, қажет болса дауыс беруден қалыс қалу мүмкіндігі бар екенін білуі керек», - дейді олар. Егер кәсіпорындарда сайлау талаптарына қайшы фактілер тіркелсе хабарласып, шағымдануға болатын жедел желі де іске қосылған.

Еске салсақ, Кәсіподақтар федерациясы тарапынан сайлауға 7 мың бақылаушы қатысады. Қазірдің өзінде олардың 45%-ке жуығы саяси науқан алдындағы біліктілігін жетілдірген.

Нұрлан Өтешев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:

- Сайлау күні өтетін барлық процестер ашық, транспорентті, әділ өткізуге оның барлығын заңды тұрғыда өткізуге шақырамыз партияларды. Ешкім де заңнан асып, бұзып кетпеу үшін алдын ала жұмысты өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы