420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да алты елді мекен карантиннен шығарылған жоқ

  • 137
  • UPD: 19:47, 21.12.2020
СҚО-да алты елді мекен карантиннен шығарылған жоқ

Солтүстік Қазақстан облысында 6 елді мекен карантиннен шығарылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдің мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, Булаев қаласы мен Явленка, Николаевка, Петровка, Ясновка, Таманское ауылдары әлі де жабық. Жұқпалы аурудың алдын алу үшін шекарадағы тексеріс босаңсыған жоқ. Мәселен, ПТР тесті болмаған 270 шетел азаматы кері қайтарылған. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясын 63 адам жұқтырған.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы «сары аймаққа» кіреді.

Арман Күшбасов, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының м.а.:

- Қазіргі таңда 6 мектеп қашықтан білім береді. Жалпы жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус инфекциясын 281 оқушы жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы