421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Partners Media Group баспа үйі қызметін кеңейтіп жатыр

  • 93
  • UPD: 23:21, 21.12.2020

2021 жылы Partners Media Group баспа үйі еліміздің жарнама нарығындағы жұмысын күшейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, digital-саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – Partners Media Group-тың Қазақстанда шығаратын ірі басылымдарының цифрлық нұсқасы. Медиахолдингтің жетекшілері: «бізбен іскерлік қарым-қатынас орнатқан серіктестер толағай табысқа қол жеткізеді», - дейді.

Partners Media Group баспа үйі осыдан 22 жыл бұрын ашылған. Оның негізгі бағыты әйелдер мен ерлерге арналған журналдар шығарады. 2002 жылы Vogue Ресей журналының ішінде Elite Woman қазақстандық қосымшасы ретінде шыққан. Бұл халықаралық журналдармен бірлесе отырып, Қазақстандағы сән әлемі туралы жазған алғашқы басылым болатын. Бүгінгі таңда баспа үйінің еншісінде Robb Report, ELLE, Esquire, Cosmopolitan және Harper's Bazaar брендтері бар.

Александр Сандемиров, Partners Media Group-тың Digital директоры:

- Partners Media Group – еліміздегі үздік медиахолдингтердің бірі. Біз қалың оқырманға таныс әлемдік журналдарды шығарумен қатар олардың digital нұсқасында жүргіземіз. Әлеуметтік желіні есептемегеннің өзінде біздің платформаларымыз айына 2 миллионнан астам қаралым жинайды.

Соңғы екі жылда холдинг өз брендтерінің digital нұсқасын дамытып келеді. Бүгінде баспа үйі елдегі озық digital-холдинтердің бірі. Мысалы, Harpersbazaar.kz, Esquire.kz, Cosmopolitan.kz, Elle.com.kz және Robbreport.kz оқырманға жақсы таныс. Биыл баспа үйі 39 жарнамалық арнайы жобаны жасап көш бастады. Арнайы жоба жарнаманың тиімді тәсілдерінің бірі саналады.

Константин Герлих, Partners Media Group-тың коммерциялық директоры:

- Арнайы жоба бұл әрбір клиентке ерекше көңіл бөлу деген сөз. Оның құралдары көп. Ол видео немесе фотоконтент болуы мүмкін. Оған блогерлерді немесе Қазақстанның жұлдыздарын тартуға болады. Мұның нәтижесі жақсы. Сайттағы дүниені журналдарға жариялай аламыз. Сондай-ақ әдемі видеоролик түсіретін біздің продакшнды айта кету керек. Олардың қаралымдары жоғары.

Баспа үйінің серіктестері ол ірі және әлемге әйгілі брендтер. Partners Media Group олармен қарым-қатынасты келесі жылы да жалғастыратын болады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Әбен Нарымбаев

Хабар 24 телеарнасы