423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында үй өрті жиілеп кетті

  • 104
  • UPD: 10:18, 22.12.2020
Ақмола облысында үй өрті жиілеп кетті

Ақмола облысында тұрғын үйлердегі өрт жиілеп кетті. Мәселен, жыл басынан бері аймақта 900-ден астам өрт тіркелсе, солардың 700-ге жуығы тұрғын үйден шыққан.

Қызыл жалынның құрбаны болған 29 адамның да 22-сі үйден шыққан тілсіз жаудан көз жұмған. Олардың бесеуі бала. Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметке сүйенсек, материалдық шығын да шаш-етектен. Айталық, меншік иелеріне 240 млн теңге шығын келген.

Құтқарушылардың айтуынша, мұның бәріне өрт қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылуы себеп.

Нұрлан Атығаев, облыстық ТЖД бастығы:

- Өрттің себебі халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы. Былайша айтқанда, темекі шегу. Сонымен қатар бұл статистикада адамдардың топтық қаза болу факторлары бар. Екі өртте 8 адам қаза тапты. Бұл жоғарыда көрсетілген санның 36,3 проценті.

Хабар 24 телеарнасы