421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанда модульді госпитальдің құрылысы аяқталуға жақын

  • 111
  • UPD: 12:08, 22.12.2020
Түркістанда модульді госпитальдің құрылысы аяқталуға жақын

Түркістанда көп салалы модульді госпитальдің құрылысы аяқталуға жақын.

Мемлекет басшысының коронавируске қарсы шараларды күшейтуге қатысты берген тапсырмасына орай бой көтерген кешен 60 күнде салынды. Көп салалы кешенде қауіпті вирусты жұқтырғандарды оқшаулап, сапалы медициналық қызмет көрсететін бөлімдер де жұмыс істейді. Жаңа аурухана  заманауи техникамен және медициналық құралдармен жабдықталған. Жеті мың шаршы метр аумаққа орналасқан модульді госпиталь 200 орынға лайықталған. Әр төсек-орынға жасанды тыныс алу қондырғысы орнатылады. Жансақтау бөлімі мен зертхана жұмыс істейді. Қажет жағдайда науқастардың өздері дәрігерді шақыра алатын арнайы қондырғы орнатылған. Сондай-ақ мұнда емделушілердің денсаулығы арнайы білезіктер арқылы бақыланады. Бұдан бөлек контактісіз бақылау жүйесі іске қосылмақ.

Жанболат Ділдәбеков, қалалық орталық аурухананың бас дәрігері:

- Соңғы үлгідегі компьютерлік томография орнатылды. Екі рентген құрылғысы бар. Біреуі стационарда, бір орында тұратын аппарат, екіншісі  жылжымалы рентген аппараты. Тағы да оған қоса ультра дыбыстық зерттеу аппараттары бар. Тағы бір ерекшелігі ол – 200 науқасқа арналған оттегі бекеті. Оттегіні сол жерде жатқан науқастарға жеткізіп қана қоймайды. Жақын жердегі басқа ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге мүмкіншілігі бар.

Хабар 24 телеарнасы