420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен есірткі табылды

  • 107
  • UPD: 12:55, 22.12.2020
Жол ережесін бұзған көлік жүргізушісінен есірткі табылды

Қызылорда облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушінің көлігінен бір келіге жуық марихуана табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 21 желтоқсанда Қызылорда – Жезқазған тасжолында жол қозғалысы ережелерін бұзған «Митсубиси Галант» автокөлігін тоқтатқан. 

Тексеру барысында автокөліктің салонынан жолаушыға тиесілі иісі бар шөп салынған полиэтилен пакет алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес оның бір келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды. Күдікті оқиға орнында ұсталды, ол Жезқазған қаласының 41 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы