420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде қылқан жапырақты орман алқабын күзету күшейтілді

  • 112
  • UPD: 15:59, 22.12.2020

Ақтөбеде қылқан жапырақты ағаштар өсірілген орман алқабын қорғау күшейтілді. Орманшылар қала шетіндегі 50 гектар аумақтағы жасыл желектен өзге қарағай көшеттері отырғызылған тәлімбақты да бақылауға алған. Себебі бірер жыл бұрын отырғызылған ағаштар да өсе бастапты.

Бауыржан Мырзағалиев, «Ақтөбе орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары:

- Мемлекеттік орман қорының көлемі «Ақтөбе орман шаруашылығының» 22 мың гектар, соның ішінде 50 гектар қылқан жапырақтар құрайды. Сол 50 га жерде біздер тәулік бойы бізде кезекшілік жүргізіледі. Жалпы 70 адам жеке құрам осы шараға жұмылдырылды.

Қазір облыс орталығында негізінен Ресейден әкелінген шыршалар сатылып жатыр. Дегенмен, соңғы бес күн ішінде рұқсат етілмеген жерлерде саудаға шығарылғаны үшін 30-дан астам заң бұзу дерегі тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы