420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде екі мыңға жуық әскери коронавирус жұқтырған

  • 136
  • UPD: 15:57, 22.12.2020

Келесі жылы елімізде әскери далалық госпиталь жасақталады. Ондағы мамандар медициналық миссияларға жіберіледі деп күтіледі.

Бұл туралы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев айтты. Қазақстан әскери-бітімгерлік миссияларға осыдан 2 жыл бұрын қатыса бастады. Ең алғаш Ливанға жеке рота аттанған. Қазір құрамында 120 әскери қызметші бар 4-бітімгерлік рота өз борышын өтеп жатыр.

Еске салайық, қыркүйекте Ливандағы Бейрут портында болған жарылыстан зардап шеккендерге көмектесу үшін елімізден құрамында 32 әскери қызметші бар медициналық құрама топ жіберілген болатын.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Алматы облысында бітімгерлік даярлық оқу-жаттығу орталығы құрылған болатын. Онда БҰҰ мақұлдаған оқыту курстары ұйымдастырылады. Ағымдағы жылғы қазанда оның базасында қарулы күштер тарихында алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Бітімгерлерді миссияға жіберер алдында даярлауға арналған өз полигоны құрылды. Бұл полигонда батыс елдерінің елшіліктерімен бірлесіп, тілдік даярлық жүргізіледі.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шеңберінде қорғаныс саласында да шетелдік  әріптестермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Ресей, БАӘ, Америка, Германиядағы ведомстволардан медициналық мүлік алынған.

Өкінішке орай, індет басталғалы 2 мыңға тарта әскери қызметкерлеріміз қауіпті вирус жұқтырды. Оның 100-ден астамы емделіп жатыр. Бірнеше адам көз жұмған.

Хабар 24 телеарнасы