419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда коммуналдық тарифтер өзгеруі мүмкін

  • 120
  • UPD: 15:34, 22.12.2020
Ақтауда коммуналдық тарифтер өзгеруі мүмкін

Ақтауда келер жылдың наурыз айынан бастап коммуналдық тарифтер өзгеруі мүмкін. Қаланы техникалық, ауыз су және кәріз құбырымен жабдықтаушы кәсіпорын табиғи монополияларды реттеу комитетінің аймақтық департаментіне өтінім хат жолдаған.

Қолданыстағы коммуналдық тарифтер 2015 жылы бекітілген еді. Яғни мерзімі биыл аяқталды. Кәсіпорын жылу мен ауыз судан бөлек техникалық су құнын 61 теңге 4 тиыннан 312 теңге 14 тиынға, ыстық судың бағасын 93 теңге 89 тиыннан 168 теңге 82 тиынға көтеруге ниетті. Мұратына жетсе, бес жылда өзіндік инвест-бағдарламаларын жүзеге асырмақшы. Соның ішінде жалпы ұзындығы 24,8 шақырымдық инженерлік желілерді жаңартып, қала аумағында 2 мыңдай су өлшегіш құралдарды орнатуды көздеп отыр.

Бақыт Шапқан, коммуналдық кәсіпорынның директоры:

- 2015 жылы жұмыс бастаған кезімізде жаңа тарифпен 712 теңге болды. 2018 жылы қауіпсіздік кеңесінің бұйрығымен 696-ға дейін түсірткізді. Содан кейін бізде инвестбағдарламаларын орындамады деп 646-ға дейін түсірген. Бұл енді менің айтып тұрғаным тек жылу жағынан. Тап сондай бізде ауыз судан да болды. Ыссы судан және кәрізден болған. Енді техникалық судан бізде тарифтер сол бұрынғы деңгейде 61 теңгеден. Қазір қала оны пайдаланбайды, көбі ауыз суға ауысқан.

Раушан Деменова, қала тұрғыны:

- Жалпы өз басым қарсымын. Қазір ауыз суды 83 теңгеден төлейміз, келер жылдан бастап оны 119 теңгеге көтереміз дейді. Жылуға 646 теңгеден болатын. Ол 900 теңгеге дейін қымбаттайтын болса, халық оны ертең қалай төлейді? Білмеймін, бұл дұрыс емес қой.

Хабар 24 телеарнасы