419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да коронавирусқа байланысты жағдай күрделенді

  • 118
БҚО-да коронавирусқа байланысты жағдай күрделенді

Батыс Қазақстан облысы бүгіннен бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша сары аймаққа енді.

Тек соңғы тәулікте өңірде қатерлі індетке шалдығудың 45 жағдайы тіркелген. Күн сайын 30 шақты науқас анықталып отыр. Ал желтоқсан айының басынан бері өңірде 790 адам ауру жұқтырған. Олардың басым бөлігі Орал қаласының тұрғындары. Қазір аймақта мерекелік шараларға, соның ішінде жаңажылдық корпоративтер мен ертеңгіліктер, адам көп жиналатын түрлі жиындар өткізуге тыйым салынды.  

Әдемі Хасанова,  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Негізінде облысымызда тіркелген жағдайлардың көбі 56.1 пайызы Орал қласының үлесінде. Қазіргі кезде бүгінгі күнмен алатын болсақ сары аймақта орналасқанбыз. Кеше ғана жасыл аймақта едік. Ертең облысымыздағы тұрғындардан келесі күні қызыл аймаққа өтпеу үшін барлық санитарлық талаптарды сақтауды сұраймыз. Ол санитарлық талаптар өте жеңіл. Алдымызда мейрам жақындап келе жатыр, соған байланысты тұрғындардан сұрайтынымыз мерекені тек ғана отбасы ішінде тойлауды, қонаққа бармауды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы